Жергілікті қырыққабат

Жергілікті қырыққабат

PRICE ₸148.00
Қырыққабат – орамжапырақтар тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық өсімдік туысы.
Саны: 

Қырыққабат (Brassіca) – орамжапырақтар тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық өсімдік туысы. Қырыққабат дақылдық түрлері қолдан өсіру, өзара будандастыру және сұрыптау нәтижесінде алуан түрлі өзгеріске ұшыраған. Қырыққабат бірнеше сорттары бар.

Тағамдық өсімдіктер арасында қырыққабаттың өзіндік орны бар өсімдік. Оны көне заманның адамдары біліп, қолдан өсіріп пайдаланған. Қырыққабатты тек тағам ғана емес, дәрі ретінде қолданып, жақсы нәтижелерге қол жеткізген. Ол туралы ерте заманның білгір математик, философы Пифагор «қырыққабат көкөністердің өкілі ретінде үнемі сергектік сыйлайтын, тыныштық пен көңілділік ауанын көтеретін өсімдік» - дегенді.

Қырыққабат С дәруменіне өте бай өсімдіктердің бірі. Қырыққабаттағы дәрумендерді зерттеген ғалымдар С дәрумені лимон мен апелсиннен қалыспайтындығымен қабат В1, В2 , В6, Р және К дәрумендері бар екендігі анықталған. Бұдан өзге минералды тұздардан калий, фосфор, қант тағы басқа майлар мен өсімдік заттарының бары қырыққабаттың пайдалы қасиеттерін асыра түседі.

Ұсақталып туралған қырыққабат салаты асқазан –ішек жолдарының жұмысын жақсартып, қабынуларды тежейтін, ал тұздалып, қышқылданғандары ұзаққа созылған цинк ауруына қарсы қолданылатын дәрі деуге болады.

Ғылым – білімі озық елдердің ғалымдарының зерттеулеріне қарағанда асқазанның 12 елі ішектің жарасына, ішектердің жүйке жүйесіне қырыққабат шырыны өте пайдалы екенін дәлелдеген.

Ашыған қырыққабат (капуста) тәбетті, асқазанның сөл бөлуін күшейтеді, ас қорытуды жақсартады. Ашыған қырыққабатты ас қорыту жүйесінің бұзылуының (қыжылдау, құсу, кекіру, жүрек айну, ықылық ат) алдын ау үшін пайдаланылады. Ашыған қырыққабат семіруге, шыжыңдыққа да қарсы ем. Қырыққабат сөлі (бұзылмаған) асқазанның әлсіреуін, қарын, ұлтабар жарасын, өт қабының, бауырдың әртүрлі ауруларын, асқазан қабынуын, тоқ ішек жарасының қабынуын емдейді. Сары ауру мен көк бауыр ауруларына да қырыққабат сөлін ішу қажет. Қырыққабат шырыны асқазан сөліндегі қышқылдың көбейген кезінде, қарын ауырғанда қолданылады. Сапа болғанда, ауыз қолдырап, қабынып ауырғанда қырыққабат сөлін сумен араластырып, ауызды, тамақты шаяды. Бас ауырғанда, буын сырқырағанда ауырған жерге қырыққабаттың жас жапырағын жапсырса, ауруды басады. Шырыны бауыр ауруына ем. Оны ішкеннен кейін аурудың жанға батқаны азайып, бауыр қалпына келеді. Қырыққабат шырынының құрамындағы күкірт пен хлор, йод асқазан мен ішектің шырышты қабығын тазартады. Ол ұлтабар жарасын да жазады. Бұл үшін қырыққабат шырынын 100 грамнан күніне 3 рет ішу қажет. Оған сәбіз шырынын қосып ішсе, әсері одан да жақсы. Бұл үшін 100 грамм қырыққабат шырынына 200-300 грамм сәбіз шырынын қосады.

Отзыв
Производитель: 
Copyright MAXXmarketing GmbH
JoomShopping Download & Support